Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
БАҚ-та және «Facebook» әлеуметтік желісінде Алматы облысы Базаркелді кентінің Талғар өзенінде балықтардың қырылуы мен судың қараюы туралы таралған бейне-ақпарат бойынша, 2020 жылғы 27 мамырда «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы зертханасының мамандары 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамаларын алды:
1 нүкте: «Adal Cyt» ЖШС фермасынан 0,5 км жоғары;
2 нүкте: «Adal Cyt» ЖШС фермасына қарсы;
3 нүкте: «Adal Cyt» ЖШС фермасынан 0,5 км төмен.
Жер беті суының сапасын талдау 44 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі, оның ішінде бас иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар.
Бірінші күнді талдау нәтижелері бойынша су температурасы 25,1-26,4 ºC шегінде белгіленді, сутегі көрсеткіші 8,1-8,2, суда ерітілген оттегінің концентрациясы нормада және 7,4-7,7 мг/дм3 диапазонында, түсі – 6-7 градус, мөлдірлігі – 20 см, иісі – 1 балл, табиғи суға тән емес иіс (қи иісі) сезіледі.
2020 жылғы 29 мамырда қалған көрсеткіштер бойынша талдау нәтижелері туралы қосымша ақпарат жарияланатын болады.
5 тәулік орындалатын «оттегіні биохимиялық тұтынуға (5)» талдау нәтижелері ағымдағы жылдың 1 маусымында ұсынылады.