2022 жылдың наурыз айының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 06.04.2022

Қазақстанның оңтүстік жартысында қолайлы ауа температурасы фонында және мол жауын-шашыннан күздік бидайдың, көпжылдық шөптердің қарқынды вегетациясы және жеміс ағаш бүршіктерінің бөртуі жалғасуда.

Алматы, Жамбыл және Алматы облысының бақылау учаскелерінде күздік бидайдың жағдайы жақсы, даму фазасы «көктеу» - «түптену».

Батыс Қазақстан облысының күздік дәнді дақылдар себілген аудандарында орын алған метеорологиялық жағдайлар қыстық кезеңнің аяқталуына қолайлы болған.

Жамбыл облысының бақылау учаскелерінде топырақты алдын ала өңдегеннен кейін барлық жерлерде жаздық арпа себу науқанына кіріскен. Ерте себілген арпа егістіктерінде «көктеу» – «3-ші жапырақ» даму кезеңдері байқалған, өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы.

Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жоңышқаның, эспарцерттің және беденің жағдайы жақсы және қанағаттанарлық, даму фазасы «сабақтың өсуі». Түркістан облысының Ордабасы ауданында (Бугун агропосты) жоңышқаны вегетациялық суаруға кіріскен.         

Алматы және Түркістан облыстарының жеміс дақылдары бақшаларында алма мен шие бұтақтарында бүршіктердің бөртуі байқалған, жағдайы жақсы.

Наурыздың үшінші онкүндігі мал шаруашылығы аудандарында тұрақсыз, жауын-шашынды және қатты екпінді желді ауа райымен сипатталады. Жайылымдық мал шаруашылығының басым аймағында ауа температурасы аномалиясының мәні теріс болған. Алайда, ауа райы жағдайлары оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда мал жаюға және жайылымдық өсімдіктердің вегетациясына қолайлы болған.  

2022 жылдың наурыз айының 3-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз