Талгар өзенінде су сынамаларын жоспардан тыс іріктеу нәтижелері

IconЖарияланды 28.05.2020

Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК БАҚ-та және «Facebook» әлеуметтік желісінде Алматы облысы Базаркелді кентінің Талғар өзенінде балықтардың қырылуы мен судың қараюы туралы таралған бейне-ақпаратқа байланысты 2020 жылғы 27 мамырда «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы зертханасының мамандары 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамаларын алғаны туралы хабарлаған.

Су сапасының Бірыңғай жіктемесінің талдау нәтижелері бойынша 4 сыныпқа жатады: аммоний-ион 1,26 мг/дм3 (су сапасы стандартының сандық мәнінің шектері ≤0,5-2,6 мг/дм3), магний – 37,1 мг/дм3 (су сапасы стандартының сандық мәнінің шектері ≤20,0-100 мг/дм3).

Анықтама:

«4 сынып» – суару және өнеркәсіптік су қажеттіліктері үшін жарамды, алайда шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін суларды  терең дайындау қажет. Су пайдалану  сыныбының сулары рекреация мақсатында ұсынылмаған.

2020 жылғы 1 маусымда 5 тәулік орындалатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» талдау нәтижелері жарияланады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз