Егіс науқаны қарсаңында фермерлерге көмек ретінде арнайы семинарлар өткізілуде.

IconЖарияланды 12.04.2022

Егіс науқаны қарсаңында фермерлерге көмек ретінде, Қазгидромет өкілдерінің белсенді қатысуымен, арнайы семинарлар мен кездесулер өткізілуде. Осындай семинарлардың бірі — "2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері", 2022 жылғы 8 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің базасында өтті.

Семинар жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, ғылыми-өндірістік кәсіпорындар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының ауыл шаруашылығы-тауар өндірушілері және "Қазгидромет" РМК өкілі қатысты.

Семинар онлайн/офлайн форматта өтті. ҚазАТУ-мен бірлесе келесі аталғандар ұйымдастырушылар болды:

"Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖШС,

"А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС,

"Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖШС, "А.Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖШС

Атап өту керек, аграршылар көктемгі дала жұмыстарын жүргізу бойынша практикалық ұсыныстар алды.

Семинар бейнежазылымы келесі сілтеме бойынша қолжетімді  https://www.facebook.com/kazatu.official/videos/494613558983562/

Осындай кездесулер Қазақстанның Қарағанды, Ақмола және басқа да облыстарында өтеді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз