Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша синоптикалық процестердің жылдам ауысуы болжануда. Осылайша ауа райының құбылмалы сипаты күтіледі: жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде), найзағай, желдің күшеюі орын алады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауу ықтималдығы бар. Өткен түнде республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болған солтүстік-батыс антициклоны, өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжуда: елдің орталығы мен шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі — түнде 3 аяз-5 жылу, күндіз 5-15 жылу, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылу болады деп болжануда.