Қазгидромет халықаралық онлайн оқытуға қатысты

IconЖарияланды 22.04.2022

2022 жылдың 13-24 сәуірі аралығында, Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мамандары климаттың өзгеруі бойынша халықаралық оқу курсына қатысты. Бұл курс, климаттың өзгеруі саласындағы түсінікті тереңдетуге бағытталған. Әдістеме ғылыми негізді, оның салдарын, бейімделуін және тыңдаушыларға халықаралық саясатпен және климаттың өзгеруіне байланысты шаралармен танысуға көмек көрсетуді мақсат етеді.

Бұған қоса, 18-29 сәуір аралығында спутниктік қашықтықтан зондтаудың негізгі қағидаттары бойынша, халықаралық қашықтықтан оқыту курсы өтті. Курс, жерсеріктік Метеорология саласына жаңадан келген мамандарға арналған. Ол жерсеріктік зондтау тұжырымдамасын түсінуге, жерсеріктік метеорологиялық мәліметтерді түсіндіру бойынша негізгі білімдерді кеңейтуге, сонымен қатар ауа райын талдау және қоршаған ортаны бақылау дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз