Маусым айының бірінші онкүндігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы – күн күркіреп, екпінді желмен өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп күтіледі.
Бірінші онкүндіктің ортасында Қазақстанның солтүстік жартысында, кезеңнің соңында шығысында ауа температурасы түнде +12+20°С-тан +8+13°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +17+25°С-қа дейін төмендейді.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстықтың бірінші онкүндіктің ортасында – түнде +17+25°С-дан 12+17°С-қа дейін, күндіз +35+44°С-тан +30+35°С-қа дейін бәсеңдеуі күтіледі. Осыған ұқсас төмендеу айдың екінші және үшінші онкүндігінде қайталанады.
Республиканың батысында ауа температурасы түнде +13+18°С-тан +5+13°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +30+38°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.
Бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуымен жауын-шашынсыз ыстық күндер жауын-шашынмен және найзағаймен салқын ауа райына ауысады.
Алдағы уақытта жылудың шыңы республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде айдың ортасында ауа температурасы түнде + 17 + 28°С, күндіз + 36 + 43°С болады деп күтілуде.
Солтүстік-шығыс жартысында - екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде +15+20°С, күндіз +33+39°С болады.
Бір ай ішінде орташа ауа температурасы ҚР-ның басым бөлігінде нормадан 1-2°С жоғары, Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтілуде.
Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, ҚР оңтүстік-батыс жартысында нормадан төмен болады деп болжануда.
Ескерту: бір айға консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады.