Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Елдің батысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Солтүстік-батыс антициклоны, республиканың солтүстік-батыс, солтүстік, орталық аймақтарына одан әрі қарай жылжуын жалғастырады. Бұнда термометрлер бағандары түнгі уақытта 6 аяз — 5 жылуға дейін төмендейді. Қарағанды облысының оңтүстігінде 10-15 жылу, күндіз 7-23 жылу күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады. Қазақстанның оңтүстік жартысына келетін болсақ, мұнда оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр (кей жерлерде қатты жаңбыр), найзағай, бұршақ, дауыл, екіпіні 15-20, 23-28 с/м дейін желдің күшеюі болжанады. 5 мамырға жақын Об ерні аудандарынан келген циклонның әсерінен, елдің көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, солайша найзағай ойнап, жел 15-20 с/м дейін күшейеді.
Жалпы, республиканың басым бөлігінде мамыр айының басында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, оның біртіндеп көтерілуі күтілуде: аптаның соңына қарай күндізгі ауа температурасы 13-25 жылуды құрайды және елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында температураның айтарлықтай ауытқуы күтілмейді.