2022 ж. 05-10 мамыр аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 06.05.2022

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,24 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,84 м-ден 28,59 м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,50 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,04 м-ден 29,05 м-ге дейін болады деп күтілуде.

* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2022 ж. 28 сәүip – 04 мамыр аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,43 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,93 м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,61 м-ге сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,49 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,05 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,03м-ге сәйкес келді.

2022 ж. 01 мамыр ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суреті

(«NASA» жобасының суреті).

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз