Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК «Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы» Біріккен жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өкілі Лаура Маликовамен жемісті кездесу өткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның негізгі бағыттары Қазақстан Республикасындағы қоршаған орта сапасының мониторингі саласында жетілдіру бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу, бірлескен консультациялар өткізу, тәжірибе алмасу, озық технологияларды енгізу болып табылады.
«Қазгидромет» РМК «Тәжірибешіл экологтар қауымдастығына» табысты дамуын тілейді, белсенді ынтымақтастыққа, алға қойылған мақсаттарға жетуге үміттенеді.
Өз кезегінде біз халық үшін әрқашан ашықпыз және қоғамдық ұйымдармен және экологиялық азаматтық белсенділермен өзара іс-қимылды тұрақты негізде кеңейтеміз.