Қазгидромет 2022 жылдың мамыр айындағы құрғақшылықтың болжамына анықтама берді

IconЖарияланды 10.05.2022

Соңғы деректерді ескере отырып, 2022 жылдың мамыр айындағы құрғақшылықтың болжамы түзетілді. Қазақстан аумағының басым бөлігінде, мамыр бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде.

Келесі жерлерде орташа құрғақшылық күтілуде:
Ақмола облысы Степногорск қаласының маңында;
Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев атындағы ауданда;
Қызылорда облысы, Арал ауданында;
Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында.

Ал қатты құрғақшылық келесі аудандарда болжануда:
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында;
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында.

Қалған жерлерде, атап өтсек:
негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында.
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы, сондай-ақ Тимирязев және Тайынша аудандарында;
Ақтөбе облысы — Ырғыз және Ойыл аудандарында;
Алматы облысы — Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында;
Шығыс Қазақстан облысы — Шемонаиха және Үржар аудандарында.

Естеріңізге сала кетсек: Қазгидромет барлық болжамдарды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақты түрде ұсынып отырады. Сонымен қатар аталмыш болжамдарды, біздің  www.agrodata.kz қосымшамыздан біле аласыздар.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз