Қазгидромет орталық Азия елдеріне — Алаң ұсынды

IconЖарияланды 12.05.2022

11-13 мамыр аралығында елордада жұмыс құжаттарын талқылау және iEasyHydro қолданбалы бағдарламалық жасақтамада автоматты гидрологиялық кешендерден алынатын деректерді пайдалану бойынша практикалық қадамдарды әзірлеу жөнінде семинар өтті. Тренингке Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан) гидрометеорологиялық қызметінің өкілдері қатысты.

iEasyHydro — бұл күнделікті гидрологиялық ақпаратты, автоматты түрде өңдейтін бағдарламалық құрал. IEasyHydro бағдарламасының негізгі бөлігі — судың тәуліктік деңгейі мен шығынын есептеуді және автоматты гидрологиялық кешендерден келетін ауаның орташа тәуліктік температурасын есептеуді қамтиды. 

Семинар тыңдаушылары үш күн ішінде iEasyHydro бағдарламасының презентациясымен және жұмыс қағидасымен танысты, осы жүйенің әртүрлі елдердегі жұмыс ерекшеліктеріне бейімделуін талқылады. Семинарға қатысушы елдердің гидрометеорологиялық қызметтері арасында деректермен алмасу технологиясы пысықталды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз