2022 ж. 12-17 мамыр аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 13.05.2022

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,20м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,73м-ден 28,66м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,53м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,04м-ден 29,03м-ге дейін болады деп күтілуде.

* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2022 ж. 05-11 мамыр аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,43 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,87 м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,61 м-ге сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,50 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,06 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,00м-ге сәйкес келді.

2022 ж. 10 мамыр ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суреті

(«NASA» жобасының суреті)

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз