Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2022 жылдың 11 мамырынан бастап "Қазгидромет" РМК-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалы, Каспий теңізінің жағалауындағы теңіздегі судың температурасы жайлы ақпаратты — Lada.kz қалалық порталына беретін болады.
Енді https://www.lada.kz/temperatura_vody_v_more.html сайтында 11 мамырдан бастап, Ақтау, Guna жағажайы, Stigl демалыс базасы, Кендірлі, Саура, Құлалы, Құрық, Форт-Шевченко және Песчаный мүйісі аймақтары бойынша су температурасының көрсеткіштері жарияланатын болады. "Қазгидромет" РМК-ның филиалы ұсынған көрсеткіштер, демалыс және мерекелерді қоспағанда, басқа күндері екі рет жаңартылып тұрады.
Сондай-ақ, 2022 жылдың қаңтарынан бастап, "Қазгидромет" РМК ресми сайтында туристер арасында танымал пункттер бойынша ауа райы болжамы көрсетілетін бет құрылғанын еске саламыз. Қазіргі уақытта болжам сегіз облыс бойынша беріледі: Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан және Маңғыстау облыстары. Болжам, келесі сілтеме бойынша қолжетімді