15 сәуір мен 12 мамыр аралығында мамандар негізгі астық егетін облыстарға көктемгі маршруттық тексеру жүргізді. Солайша келесі деректер анықталды:
Топырақтың метрлік қабатында негізінен Батыс Қазақстан облысында ылғал жинақтаудың жеткіліксіз жағдайлары қалыптасты;
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында ылғалданудың жеткіліксіз жағдайлары атап өтілді.
Басқа облыстарда метрлік қабатта негізінен қанағаттанарлық және оңтайлы ылғал қоры болды.
Қазіргі уақытта тамыр жүйесінің дамуы жүріп жатқан топырақтың егістік қабатында (0-20 см), негізінен ылғалдың жеткіліксіз қоры (ең аз далалық ылғал сыйымдылығының 50%-ынан төмен) келесі жерлерде қалыптасты:
Қарағанды облысында;
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында;
Қостанай облысында Денисов, Қарасу, Федоров және Карабалық аудандарының жекелеген алқаптарында;
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар, Қызылжар, Есіл аудандарында; Айыртау, Мүсірепов және Аққайың аудандарының жекелеген алқаптарында.
Синоптиктердің болжамынша, мамыр айының үшінші онкүндігінде Қазақстанның батысы мен солтүстігінде тиімді жауын-шашын күтіледі.
Маусым елдің батыс жартысында көбінесе ыстық, ал жауын-шашын көп жылдық нормалардан төмен болады деп болжануда.
Жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп, маусым айында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстарының солтүстік-шығыс бөлігінде, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктерлі аудандарында күтіледі.