2022 ж. 26-31 мамыр аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 27.05.2022

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,17м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,60м-ден 28,68м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,66м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,44м-ден 29,01м-ге дейін болады деп күтілуде.

* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2022 ж. 19-25 мамыр аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,46 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,75м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,71 м-ге сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,59 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,43 м-ге, ең төменгі мәні минус 28,99м-ге сәйкес келді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз