Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Маусым айының бірінші күні "Қазгидромет" РМК өңірлік филиалдармен тұрақты есеп беру кездесуін өткізді. Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің құрамына, еліміздің барлық облыстарында орналасқан 15 филиал кіреді.
Филиалдардың басшыларымен кездесуде ағымдағы мәселелер, өңірлік филиалдардың бюджеті мен қаржыландырылуы, жерүсті бақылау желісін жаңғырту талқыланды. Сондай-ақ филиалдардың өкілдері, өткен 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
2022 жылғы алқа, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкерлері мен ардагерлерін "Қазгидрометке 100 жыл" мерейтойлық медалімен марапаттаумен белгіленді. Аталмыш марапатты, лайықты түрде осы салада 30-40 жыл жұмыс істеген метеорологтар, гидрологтар, климатологтар, экологтар және синоптиктер алды.