Интерактивті экологиялық ақпарат картасының түс шкаласы туралы

IconЖарияланды 01.06.2022

Қазгидромет атмосфералық ауа сапасы бойынша интерактивті карта пайдаланушыларын, түс шкаласының өзгергені туралы хабардар етеді.

Тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша, AirKZ мобильді қосымшасының түс шкаласына барынша сәйкес келуі үшін, ластану деңгейін білдіретін түс маркерлерінің жиынтығы жаңартылды.

Градацияның сандық мәндері өзгермегенін атап өтеміз. Енді қызыл түс қауіпті деңгейді білдіреді, ал жоғары деңгей – қызғылт сары болады. Градациядан күлгін түсі жоғалып кетті.

"Қазгидромет" РМК әрқашан өзінің ақпараттық өнімдерін жақсарту және оңтайландыру бойынша ұсыныстар үшін ашық!

http://ecodata.kz:3838/app_dem_visual/

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз