Қазгидромет баланың қөзімен

IconЖарияланды 03.06.2022

Қазақстанда 2022 жыл, балалар жылы деп жарияланды. Өзінің 100 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында, Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі, қызметкерлердің балалары арасында сурет конкурсын өткізді. Айта кетсек, Қазақстан бойынша Қазгидрометтің 15 өңірлік филиалы бар, бұл 3000-нан астам қызметкер.

Байқауға қатысатын балалардың жас ерекшеліктері – 6 жастан 10 жасқа дейін, үш номинация бойынша өткізілді: "Табиғаттың ауа-райы жаман емес", "Жыл мезгілдері" және "Қазгидромет баланың көзімен". Байқауға барлығы 50-ден астам жуық өтініш келіп түсті. Балалар суреттерінде метеостанциялар мен гидрологиялық бекеттерді, жұмыс жасап жатқан ата-аналарын бейнеледі.

"Ауа райы құбылыстары" номинациясында СҚО тұрғыны – Илья Бишко, "Жыл мезгілдері" номинациясында атыраулық – Зейнеп Марат және "Қазгидромет бала көзімен" номинациясында Қостанай тұрғыны – Алина Калиева жеңіске жетті. Қалған қатысушыларға болса, Қазгидромет дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарын табыстады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз