Балалар үйінің тәрбиеленушілері мерекемен құттықталды

IconЖарияланды 03.06.2022

Жаздың алғашқы күндерінде, "Қазгидромет" РМК қызметкерлері "Светоч" балалар үйіне барып келді. Балаларды, балаларды қорғау күнімен құттықтап, сыйлықтар мен тәттілер сыйлады. "Светоч" балалар үйі 20 жыл бұрын құрылған. Балалар үйінің алғашқы түлектері, бүгінде өздері ата-ана атанды және қайырымдылыққа белсенді қатысуда.

Балалар үйі мен Қазгидрометтің достығы бірнеше жылдан бері жалғасып келуде. Жаңа жылдық және жазғы мерекелерде балалар қонақтарды асыға күтеді, оларға театрландырылған қойылымдар мен концерттер ұйымдастырады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз