Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы метеорологиялық жағдайлар, биыл астықтың қалыптасуы мен пісіп-жетілуі үшін қолайлы болды.
Есептік деректерге сәйкес, қалыптасқан және күтілетін агрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік бидайдың өнімділігі негізінен орташа көп жылдық мәндерге жуық болады деп болжанады.
Жамбыл облысының Рысқұлов, Шу және Сарысу аудандарында, сондай-ақ Түркістан облысының Сарыағаш ауданында күздік бидайдың өнімділігі орташа көпжылдық мәннен жоғары болады деп күтілуде.
Оңтүстік облыстар аудандары бойынша түсімділік болжамы "АgroData" фермерлерге арналған қосымшамызда қолжетімді (https://agrodata.kz/#/forecasts/drought-productivity).