Айдың бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклондардың әсерімен және атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Қазақстанның батыс өңірлерінде айдың басында, елдің қалған аумақтарында - шілде айының бірінші онкүндігінің ортасында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жақбыр болжануда.
Жаңбырлы және бұлтты ауа райы найзағай, бұршақ, дауыл және желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейюі күтіледі. Осы кезеңде Солтүстік теңіз аудандарынан суық ауа массаларының енуімен елдің солтүстік жартысында температура фоны түнде +5+13°С аралығында болады, күндіз ауа температурасы +18+28°С-тан +12+17°С-қа дейін, республиканың оңтүстік жартысында түнде +20+25°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +23+30°С-қа дейін төмендеу болжанады.
Шілденің бірінші онкүндігінің соңында және екінші онкүндігінің басында жаздың ыстық күндері қайтадан оралады. Күндізгі ауа температурасы көтеріледі:
- елдің оңтүстік-батыс жартысында +30+40°С дейін,
- солтүстік, орталық және шығыста +25+33°С дейін.
Айдың ортасында Ресейдің еуропалық аймақтарынан суық ауа массаларының енуі ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, оңтүстік және батыс өңірлерде шаңды дауыл соғып, жел күшейеді.
Айдың екінші жартысында ауа температурасының ауытқуы күтіледі: елдің оңтүстік жартысында түнде +15+20°С-тан +18+25°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +35+42°С-қа дейін, солтүстік жартысында түнде +10+15°С-тан +15+20°С-қа, күндіз +20+28°С-тан +28+35°С-қа дейін.