2022 ж. 30 маусым – 05 шiлде аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 01.07.2022

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,35м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,85м-ден 28,63м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,62м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,34м-ден 28,93м-ге дейін болады деп күтілуде.

* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2022 ж. 23-29  маусым  аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,48м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,12м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,65 м-ге сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,50 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,15 м-ге, ең төменгі мәні минус 28,99м-ге сәйкес келді.

2022 ж. 27маусым ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суреті

(«NASA» жобасының суреті)

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз