Маусымның үшінші онкүндігінде еліміздің солтүстік жартысында көбінесе жаздық дәнді дақылдардың өсіп өнуіне қанағаттанарлық жағдай болған, солтүстікте, шығыста және еліміздің батысының кей жерлерінде жауған жауын-шашын атмосфералық және топырақ ылғалдылығын біршама жақсартқан.
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында зиянкестер мен ауруларға қарсы дәнді дақылдарды гербицидтермен химиялық өңдеуге кіріскен, барлық жерлерде арамшөптердің пайда болуы байқалған.
Республиканың солтүстік жартысында дәнді дақылдар егістіктерінде «түйін тамырының пайда болуы» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы», ерте себілген егістіктерде - «масақтану» даму фазалары байқалған. Егістіктердің жағдайы көбінесе жақсы, кейбір учаскелерде қанағаттанарлық.
Алматы және Қызылорда облыстарында жаздық бидайдың жағдайы тегіс жақсы. Даму фазасы «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «дәннің сүттенуі».
Жамбыл және Түркістан облыстарының бақылау учаскелерінде жаздық арпада «дәннің уыздануы» – «толық пісуі» даму фазалары байқалған, өсімдіктердің жағдайы жақсы. Жамбыл облысының Қордай агропосты маңайындағы жеке учаскелерде егін жинау жұмыстары басталған.
2022 жылдың маусым айының 3-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy