Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама шықты

IconЖарияланды 12.07.2022

2022 жылғы 5-11 шілде аралығындағы кезеңде мынадай айғақтар тіркелді:

Балқаш, Қызылорда,  Петропавл және Теміртау қалаларда бірде-бір МӨП-де ластаушы заттардың ШРК-дан асып кету жағдайлары тіркелген жоқ.

Қарағанды қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 336 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы ең ластанған жер – №8 ЛБП ауданы (Пришахтинск шағын ауданы, 3-ші Кочегарка көшесі, 28).

Алматы  қаласында шекті жол берілетін шоғырланудан асып кетудің 23 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Алатау ауданы неғұрлым ластанған.

Нұр-Сұлтан қ. шекті жол берілетін нормалардан асып кетудің 888 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы, Бабатайұлы көшесі ауданында ластанған.

Атырау қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 2 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Жұлдыз шығын ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Жезқазған қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 233 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы М. Жәміл көшесі ауданында барынша ластанды.

Өскемен қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 36 жағдайы тіркелді. Қала ауасы Серикбаев  көшесі ауданында барынша ластанды.

Ақтөбе қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 90 жағдайы тіркелді. Жанқожа батыр көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Шымкент қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 5 жағдайы тіркелді. Самал-3 шығын ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Павлодар қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 8 жағдайы тіркелді. Торайғыров-Дүйсенова көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.

Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг жүргізіледі:

•        Ақтөбе қаласында 6 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Алматы қаласында 16 бекетте, оның ішінде 11 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Атырау қаласында 5 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Балқаш қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте  және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Өскемен қаласында 7 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Жезқазған қаласында 3 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Қарағанды қаласында 8 бекетте, оның ішінде 4 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Қызылорда қаласында 3 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 1 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Нұр-Сұлтан қаласында 10 бекетте, оның ішінде 6 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Павлодар қаласында 7 бекетте, оның ішінде 5 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Петропавл қаласында 4 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Теміртау қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Шымкент қаласында 6 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз