"Жаңатас" метеорологиялық станциясы ғимаратының жағдайына қатысты

IconЖарияланды 13.07.2022

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК БАҚ және әлеуметтік парақшаларда, 2021 жылы "Жаңатас" метеорологиялық станциясының қызметтік үй-жайының жағдайы апатты деп бағаланғанын хабарлаған болатын. Комиссиялық тексеру нәтижелері бойынша 2022 жылдың ақпан айында оны жаңа орынға ауыстыру туралы шешім қабылданды, ал ғимаратқа жөндеу жүргізу тиімсіз деп танылды. Жаңатас қаласының әкімдігімен бірлесіп, метеорологиялық станция мен станция қызметкерлеріне арналған мобильді блок-модульді орналастыру үшін жаңа жер телімі таңдалды. Жаңа блок-модуль дайын, жер комиссиясының шешімі күтілуде.

Жамбыл облысының 13 метеорологиялық станциясының бақылау желісін дамытудың бекітілген жоспарына сәйкес 2021 жылы 3 станцияда ("Тараз", "Мерке" және "Төле би") жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы жөндеуді қажет ететін тағы 5 метеорологиялық станцияда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жалпы, "Қазгидромет" РМК бақылау желісін жөндеу және қайта құру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Қазақстан бойынша барлығы 15 өңірлік филиалда "Қазгидромет" РМК балансында метеорологиялық станциялар, гидрологиялық бекеттер, экологиялық мониторинг станциялары, зертханалар, аэрологиялық станциялар және әкімшілік ғимараттарды қоса алғанда 900-ден астам нысан бар.

Нысандарды ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары "Қазгидромет" РМК ғимараттарының физикалық жағдайы мен қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын жүргізіледі. Жедел немесе апаттық жөндеу жұмыстары бірінші кезекте қаржыландырылады, өйткені кәсіпорынның бюджеті шектеулі.

2020-2021 жылдары 82-ден астам метеостанция мен гидробекеттерге ағымдағы және қалпына келтіру жөндеу жұмыстары жүргізілді, 8 блок-модульдік ғимараттар сатып алынды, 4 нысанды электрмен жабдықтау және 3 нысанды сумен жабдықтау жұмысы жүргізілді.

Доплер метеорологиялық радиолокаторларын (ДМРЛ) орнату үшін 4 металл мұнара салынып, пайдалануға берілді. Қостанай филиалының және Алматы қаласы бойынша филиалының әкімшілік ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілді.

2022 жылы Ақтөбе қаласының әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз