Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев «Қазгидромет» РМК қызметкерлерін Министрліктің атынан төс белгілерімен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.
«Қазгидромет» РМК Экологиялық мониторинг департаменті ерекше атап өтілді, «Экология саласының үздігі» медалімен Департамент директоры Ольга Владимировна Корнюхова марапатталды. Жауапты жұмысы мен экологиялық мониторингті дамытуға қосқан үлесі үшін Айнұр Ортбаева, Гүлбаршын Бекбенбетова және Динара Зайнулдинова Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бүгін Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Қизатқызы Алимбаева құттықтау сөз айтып, гидрометеорологиялық қызмет мамандарының жақсы жұмысын Алғыс хаттармен және грамоталармен атап өтті.
Әріптестерді Дүниежүзілік қоршаған орта күнімен құттықтаймыз және Қазақстан экологиясының игілігі үшін одан әрі табысты жұмыс тілейміз!