Алдағы үш күнде жоғары циклон Қазақстанның көптеген өңірлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууына себеп болады. Тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында антициклонның ықпалында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Еліміздің батыс бөлігінде күндізгі температура көпжылдық орташа мәннен 0...4 градусқа жоғары, оңтүстік-шығыста нормадан 0...4 градусқа төмен, ал қалған аумақта температура нормаға шамасында болады.