Қазгидромет тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын жариялайды

IconЖарияланды 28.07.2022

Алдын ала есептеулер бойынша, 2022 жылдың тамызында елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында, жекелеген аймақтарды қоспағанда, ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болады.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжануда. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтілуде.

Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтілуде. Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болмақ.

Барлық болжамдар "Қазгидромет" РМК ресми сайтында (<URL> https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/agrometeorologicheskie-prognozy) және фермерлерге арналған AgroData қосымшасында (https://agrodata.kz/#/forecasts/drought-productivity ) қолжетімді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз