Селді жасанды көбейту бойынша Шамалған эксперименттері

IconЖарияланды 03.08.2022

50 жыл бұрын 1972 жылдың тамызында Қазақ ғылыми-зерттеу гидрометеорологиялық институтының ғылыми қызметкерлері, табиғи жағдайларда селдерді жасанды жолмен көбейту бойынша алғашқы эксперименттерді жүргізді. Су ағынының балшық тасқа қалай айналатынын анықтау керек болды, оның үйіндісінің мөлшері 10 метрден асуы мүмкін. Осы мақсатта арнайы жасалған құрылғылар ғана емес, сонымен қатар кинотүсірілім де қолданылды.

Кинотүсірілімнің бір бөлігі "Сел тасқыны туралы сөз" ғылыми-көпшілік фильмін жасау үшін пайдаланылды. Осы эксперименттерге дейін, селмен айналысатын ғылыми қызметкерлердің көпшілігі "тірі" селді көрмеген. Бұл селден қорғау құрылыстарын орналастыру мен салуды ғана емес, адамдарды селден өзін-өзі сақтау ережелерін әзірлеуді де қиындатты. Бұл ережелерді әркім білуі керек: баладан ересек адамға дейін. Қазіргі уақытта бұл мүмкін болды.

Бүгінде аталмыш фильм қалпына келтірілді және оны біздің YouTube арнамыздан көруіңізге болады: https://www.youtube.com/watch?v=rlYNHqqGjPo

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдан бастап Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі қарқынды ұзақ жауын-шашыннан туындаған сел қаупінің алдын алу үшін, сел процестерін зерттеу және сел болжау басқармасын қалпына келтірді. "Қазгидромет" РМК сел қаупі бар кезеңде (мамырдан қыркүйекке дейін), жаңбыр генезисінің сел қаупі туралы күн сайынғы бюллетеньді шығаруда, сонымен қатар біз сел қаупі және апатты селдердің қысқамерзімді болжамдар, дауылды ескертулер туралы консультациялар жасаудамыз. Барлық ақпарат "Қазгидромет" РМК сайтында қолжетімді, сондай-ақ мемлекеттік органдарға, БАҚ-қа ұсынылуда, әлеуметтік желілерде орналастырылуда.

Сел қаупі бар аймақта өзін-өзі ұстау ережелерін білу, тек білім беру мекемелерінің ғана емес, ата-аналардың да міндеті.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз