Парламент Сенаторы — Қанатбек Сафиновпен, кездесу өтті

IconЖарияланды 10.08.2022

10 тамыз күні Парламент сенаторы — Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы, "Қазгидромет" РМК-да жұмыс сапарымен келіп кетті.

Сенатор, кәсіпорынның өндірістік үдерісімен танысты, оның ішінде жаңа экологиялық зертхананы, гидрометорталықты, сондай-ақ ауа райы қызметінің 100 жылдығына арналған Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мұражайын көріп қайтты.

Қанатбек Бейсенбекұлы Қазгидрометтің қызметкерлеріне, өткізілген Республикалық референдумның маңыздылығы мен Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар туралы айтып, ел Президенті жариялаған ағымдағы саяси реформаларды, сондай-ақ Парламентті реформалау мәселелерін, атқарушы билік саласындағы жаңалықтарды, елдің әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістерді, егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.

Сапар қорытындысы бойынша, Парламент сенаторы Қазгидрометтің соңғы жылдары жүргізіп жатқан жұмысына жоғары баға беріп, қызметкерлерді 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз