2022 ж. 11 – 16 тамыз аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 12.08.2022

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,33м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,97м-ден 28,94м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,62м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,36м-ден 29,02м-ге дейін болады деп күтілуде.

* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2022 ж. 04 10 тамыз аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,51м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,08м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,90 м-ге сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,65 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,35 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,03м-ге сәйкес келді.

 2022 ж. 05 тамыз  ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суреті

(«NASA» жобасының суреті)

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз