2020 жылғы 10 маусымдағы ТЖД ақпараты және БАҚ хабарламалары бойынша, Алматы облысының Іле ауданындағы ҚТҚ полигонында «Алматы-Өскемен» автожолының маңында өрт шықты. Оқиға орнына «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша Экология департаментімен бірлесіп шықты.
Экология департаменті, «Taza alem» ЖШС және «Таза жер» ЖШС өкілдерінің қатысуымен «Қазгидромет» РМК мамандары полигонның өрт шығу ауданында бірнеше нүктелерде ауа сынамасын алып, талдау жүргізді.
Жоспардан тыс іріктеу және талдау нәтижелері бойынша ШРШ-ның (шекті рұқсат етілген шоғырлану):
- өрт шығу ошағынан 1 км қашықтықта – күкірт диоксиді бойынша 1.02 ШРШ;
- өрт шығу ошағынан 1.5 км жерде – формальдегид бойынша 1.82 ШРШ, күкірт диоксиді бойынша 1.48 ШРШ асып кетуі тіркелген.