Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,29м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,97м-ден 28,69м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,65м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,29м-ден 29,05м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2022 ж. 11-17 тамыз аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,51м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,12м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,93 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,55 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,28 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,01м-ге сәйкес келді.
2022 ж. 14 тамыз ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суреті
(«NASA» жобасының суреті)