Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК Алматы қаласында атмосфералық ауадағы бенз(а)пиреннің құрамына мониторинг жүргізеді.
Сынамаларды іріктеу келесі 5 нүктеде жүргізілді:
- Амангелді к-сі, Сәтбаев к-сі қиылысы;
- Райымбек даңғылы, Наурызбай батыр көшесінің қиылысы;
- Айнабұлақ-3 ш.а.;
- Ақсай-3 ш.а., Маречек к-сі, Б. Момышұлы көшесінің қиылысы;
- Тастақ-1 ш.а., Төле би к-сі, 249.
Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның сынамаларын іріктеу және талдау нәтижелері бойынша бенз(а)пирен концентрациясы 0,0002-0,0004 мкг/м3 шегінде, бұл белгіленген нормадан төмен (ШРШ = 0,001 мкг/м3).
Бенз(а)пирен (3,4-бензпирен деп те аталады) көпциклді ароматты көмірсутегі, ол автокөліктен шығатын газдар құрамында, орман өрті түтінінде, темекіде, мұнай-газ өнімдерінде және басқа да көздер құрамында болуы мүмкін. Ірі қалаларда көбінесе автомобиль көліктерінен бөлінеді. Бенз(а)пирен метаболиттері мутагенді және канцерогенді.