Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстанның басым бөлігі аз қозғалатын антициклон жотасында болады, бұл бұлттардың көбірек сейіліп, күн сәулесінің еліміздің солтүстік өңірлеріндегі суық ауаны жылыта бастауына көмектеседі. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт араласады, онымен күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2° үсік және тұман сақталады.
Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30+35°С, солтүстік-батыста +23+33°С, республиканың солтүстігінде ауа температурасы +17+25-тен +23+30°С-қа дейін, орталықта +15+22-ден +20+31°С-қа дейін, шығысында +13+21-ден +20 +28°С-қа дейін көтеріледі, елдің оңтүстігінде ауа температурасының негізгі аясы +27+32°С, оңтүстік-шығысында +20+28°С.