Республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде ашық және ыстық ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа райының қалыптасуына солтүстік циклонның жырасы себепші болады, сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, аптаның соңына қарай солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.
Қазақстанның батысында күндізгі ауа температурасы +27+38°С шамасында сақталады, республиканың солтүстік-батысында ауа температурасы +25+32°С-тан +20+28°С-қа дейін, солтүстігінде +22+27°С-тан +18+23°С-қа дейін төмендейді, елдің орталығы мен шығысында ауаның температурасы +18+28°С, оңтүстігінде +28+35°С, оңтүстік-шығысында +20+30°С шамасында болады.