Республиканың батыс және оңтүстік аудандарында күн шуақты және ыстық ауа райы сақталады. Еліміздің қалған аумағындағы ауа райын атмосфералық фронталды бөліктер қалыптастырады, онымен найзағаймен жаңбыр жауады және жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы сағаттарда топырақ бетінде үсік күтіледі.
Күндізгі ауа температурасы Қазақстанның батысында +31+39°С шегінде сақталады, солтүстік-батысында +23+34°С болады, ауа температурасының елдің солтүстігінде +17+22°С-тан +20+25°С-қа дейін аздап көтерілуі, орталығында +23+31С-тан +18+28°С-қа дейін ауытқуы, шығысында +20+30°С-тан +13+23°С-қа дейін төмендеуі болжанады, ауа температурасының негізгі аясы республиканың оңтүстігінде +25+37°С, оңтүстік-шығысында +20+32°С болады.