Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,35м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,07м-ден 28,92м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,65м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,38м-ден 29,03м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2022 ж. 18-24 тамыз аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,41м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,57м-ге, ең төменгі мәні – минус 29,03 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,53 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,28 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,03м-ге сәйкес келді.
2022 ж. 21 тамыз ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суреті («NASA» жобасының суреті)