Күздің бірінші айы жаз мезгіліндей Қазақстан аумағының басым бөлігінде ыстық және құрғақ ауа райымен басталады, тек еліміздің солтүстік-батысында ғана өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, жекелеген аудандарда екпінді жел тұрады. Күздің мұндай басталуы Жерорта теңізі мен Иран аумағынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты болады. Республиканың оңтүстік жартысында күндізгі уақытта термометр бағандары +35+40°С қөрсетеді, солтүстік жартысында +28 +35°С жетеді.
Бірақ бірінші онкүндіктің ортасында Ресейдің Еуропалық аумағының аудандарынан суық антициклонның енуімен және биіктік жыраның орын ауыстыруымен алдымен батыс өңірлерде, содан кейін солтүстік-батыста, солтүстікте, ҚР орталығында, ал онкүндіктің соңында елдің шығысы мен оңтүстігінде ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады: жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауылды жел екпіні 15-28 м/с дейін күтіледі.
Айдың бірінші онкүндігінің екінші жартысында ауа температурасы батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста түнде +3+12°С-қа дейін, күндіз +10+20°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік аймақтарда түнгі уақытта топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік болуы мүмкін.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қыркүйектің бірінші онкүндігінің соңында және екінші онкүндігінің басында ауа температурасының төмендейуі күтіледі: түнде +10+17°С дейін, күндіз +23+28°С дейін.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +5+13°С-тан +1+6°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +10+15°С-қа дейін ауытқиды, жекелеген күндері түнгі және таңертеңгі сағаттарда 2°С-қа дейін үсік болжанады. Оңтүстік өңірлерде температураның төмендеуі айдың екінші жартысында түнде +15+23°С-тан +3+10°С-қа дейін, таулы аудандарда 1°С аязға дейін, күндіз +28+33°С-тан +18+23°С-қа дейін күтіледі.
Температуралық фонның төмендеуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты болжанады, бұл фронтальды бөлімдердің шиеленісуіне және ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болады.