«Қазгидромет» РМК Бас директоры Ақтөбе облысы бойынша филиалының жаңа директорын таныстырды

IconЖарияланды 12.06.2020

Жұма күні, 12 маусымда Данара Алимбаева «Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының жаңа директорын таныстырды. Филиалды Қуандық Бектасұлы Дәулетияров басқарды.

Қуандық Дәулетияров 1987 жылы Алматы облысы, Қақпақ ауылында дүниеге келген. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы Алматы метеостанциясының технигі ретінде бастаған. 2012-2016 жылдары Гидрология бөлімінің инженер-гидрологы болып жұмыс істеді. 2016 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін Гидрология бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

«Қазгидромет» РМК ұжымы Қуандық Дәулетияровқа жаңа жауапты лауазымында сәттілік тілейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз