Қыркүйектің бірінші онкүндігінде негізінен жаздық дәнді дақылдар егісінің пісіп жетілуі үшін қолайлы жағдайлар қалыптасты, алайда Қазақстанның негізгі астық егетін аймағының басым аумағында жауын-шашынның түсуі байқалды, бұл егін жинау жұмыстарының қарқынын төмендетті.
Барлық егістіктерде «астықтың толық пісуі» кезеңі байқалды. Егістің жай-күйі жақсы, негізінен Павлодар облысының жекелеген учаскелерде қанағаттанарлық, онда нашар егістер де байқалады.
Оңтүстік облыстарда Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарын қоспағанда, жаздық дәнді дақылдарды жинау аяқталған.
Жылу сүйгіш дақылдардың (жүгері, қант қызылшасы, соя, мақта) жай-күйі өте жақсы және жақсы. Жүгеріні жинауға және күріш чектерінен суды жіберуге бастады.
Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының картоп отырғызылған учаскелерінде «пәлектердің солуы» кезеңі байқалады, өсімдіктердің жай-күйі өте жақсы және жақсы, барлық жерде картоп өнімін жинауға кірісті.
2022 жылдың қыркүйек айының 1-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy