Еліміздің солтүстігінде ыстықтың бәсеңдеуін тудырған солтүстік циклонның жырасы алдағы күндері еліміздің оңтүстік, содан кейін оңтүстік-шығыс өңірлеріне әсер ете бастайды. Айтарлықтай жауын-шашын күтілмегенмен, температураның 5...10°С-қа төмендеуі байқалады. Тек батыста, Иран аудандарынан шығатын жылы ауа массаларының ықпалынан ыстық, құрғақ ауа райы сақталады.