Қыркүйектің соңғы аптасы нағыз күз болуға уәде береді. Алдағы тәуліктерде солтүстік-батыс циклонның соңынан Жаңа жер ауданынан суық антициклон келеді. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ, тұман және ауа температурасының минус мәндеріне дейін төмендеуі күтіледі. Желдің күшеюі болжанады, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Еліміздің солтүстік өңірлерінде термометрлердің түнгі көрсеткіштері 1-6 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз ауа температурасы 1-6 градусқа дейін аздап жоғарылайды, республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы15-23 градусқа дейін жылынады.