Ақмола облысында 16 маусымға қараған түні қатты жаңбыр жауды. Тәулік ішінде 16-24 мм жауын-шашын түсті, бұл айлық норма 36-37 мм болған кезде. Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында түнде 24 мм түсті (айлық норма – 37 мм). Мұндай жауын-шашынның көп түсуі Оңтүстік циклон мен суық Атлантикалық антициклонның шекарасындағы екі барикалық фронтальды бөліктердің шиелінісуімен түсіндіріледі.
Естеріңізге сала кетсек, «Қазгидромет» РМК 16 маусымда Ақмола облысы бойынша кей жерлерде найзағай, жылдамдығы 15-20 м/с солтүстік-шығыс желі күтілетіндігі туралы дауылды ескерту жариялаған болатын. Көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Еліміздің астанасында: 16 маусымда таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с солтүстік-шығыс желі соғады деп күтіледі.