Қыркүйектің екінші онкүндігінде Қазақстанның негізгі астық егетін аймағының басым аумағында қайта жауын-шашынның көп түсуі байқалды, бұл егін жинау науқанын аяқтау үшін қолайсыз болды.
Еліміздің солтүстік облыстарында, батысында, орталығында және шығысында минус 2-4°С -ға дейін (кей жерлерде минус 6°С-ға дейін) түнгі уақытта байқалған үсіктер жаздық дәнді дақылдардың піскен дәндері үшін қауіпті болмады, бірақ таңертең жинау жұмыстарын жүргізуді қиындатты.
Бақыланатын барлық учаскелерде «толық пісу» кезеңі байқалады, жаздық бидай егістіктерінің жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық.
Жылу сүйгіш дақылдардың (жүгері, қант қызылшасы, соя, мақта) жай-күйі өте жақсы және жақсы. Күрішті жинауға, Мақтаарал ауданында химиялық препараттармен (десикация) пісуді жеделдету үшін мақта егістерін өңдеуге кірісті.
Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының бақылау учаскелерінде күнбағыста «пісу» және «жинауға дайын пісуі» фазасы байқалады. Күнбағыс жай-күйі өте жақсы және жақсы.
Республиканың оңтүстік өңірлерінің барлық жерінде көпжылдық шөптердің (жоңышқа) егістіктерінде: «2-ші шабудан кейін гүлдеу» - «2-ші және 3-ші шабудан кейін қайта өсу» фазасы байқалады.
2022 жылдың қыркүйек айының 2-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy