Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,37м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,06м-ден 28,66м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,74м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,45м-ден 29,16м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2022 ж. 22-28 қыркүйек аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,55м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,97м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,91 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,69м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,48м-ге, ең төменгі мәні минус 29,13м-ге сәйкес келді.