Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Солтүстік антициклон жотасы ықпалымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары фронттардың әсерінде болады, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнгі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Елдің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі.
Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының жоғарылауы күтілуде: күндіз еліміздің батысында негізгі фон 17-28 градус жылы, солтүстік-батыста 5-18 градус жылыдан 8-23 градус жылыға дейін, солтүстікте 0-8 градус жылыдан 2-11 градус жылыға дейін аздаған жоғарылауы болжанады, орталықта 3-15 градус жылы, шығыста 0-8 градус жылыдан 2-10 градус жылыға дейін аздаған жоғарылауы күтіледі, оңтүстікте негізгі фон 10-22 градус жылы, оңтүстік-шығыста 7-13, таулы аудандарда 2 градус жылыдан 12-18 градус жылы, таулы аудандарда 9 градус жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.