Қазан айының бірінші онкүндігінде күн шуақты ауа-райы ел тұрғындарын қуантады. Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылудың шығуы бірінші онкүндікте күтіледі, ал қазан айының екінші және үшінші онкүндігінде суық арктикалық ауа массаларының жиі әсері болуы мүмкін. Нәтижесінде, бір айдағы орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігіндегі климаттық норма шамасында, Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысында нормадан 1°С жоғары, еліміздің қиыр солтүстік-батысында нормадан 1°С төмен болжанады.
Ағымдағы жылдың қазан айында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, ҚР солтүстік-шығысында және еліміздің шығыс, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында нормадан көп болады деп болжануда.
Бірінші онкүндікте республиканың көп бөлігінде түнгі уақытта антициклонның жотасының әсерімен ауаның теріс температурасы әлі де сақталады, ал күндізгі уақытта ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады:
ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында түнде -3-8°С-тан +2+7°С-қа дейін, күндіз +3+8°С-тан +13+20°С-қа дейін;
ҚР оңтүстігінде түнде +2+7°С-тан +10+15°С-қа дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін, күндіз +13+23°С-тан +23+30°С-қа дейін.
Еліміздің оңтүстік-батысында ауа температурасының түнде 15+20°С-тан +10+15°С-қа дейін ауытқуы күтіледі, күндіз негізгі фон +23+28°С аралығында болады.
Республикамыздың батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуімен бірінші онкүндікте жиі жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады және жел екпіні 15-23 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Еліміздің батысында ауа температурасының түнде +10+15°С-тан +5+10°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +12+20°С-қа дейін ауытқуы күтіледі;
ҚР оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +1+6°С-тан +10+15°С-қа дейін жоғарылайды, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда -2-7°С-тан +3°С-қа дейін аяз әлсірейді, күндіз +7+15°С-тан +23+30°С-қа дейін жылынуы күтілуде.
Қазан айының екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты болжанады: жаңбыр жылбысқы қарға ауысады, тұман, көктайғақ, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Ауа температурасының ауытқуы күтілуде:
батыс өңірлерде түнде +3+8°С-тан -5-10°С-қа дейін, күндіз +15+20°С-тан +3+8°С-қа дейін;
республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде 0,+5°С-тан -7-12°С-қа дейін, күндіз +11+16°С-тан -3-8°С-қа дейін;
ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +7+12°С-тан -2-7°С-қа дейін, күндіз +18+23°С-тан +5 + 10°С-қа дейін.