2022 жылдың күзі «Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы үшін жақсы өзгерістермен есте қалады, өйткені қазан айында ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары аяқталды. Екі қабатты ғимараттың тозығы жетіп, коммуникацияларды, терезелер мен есіктердің ойығын ауыстыру және жертөле мен шатырды мұқият жөндеу қажет болды. Ғимаратқа ауқымды қайта жөндеу жүргізу іргелес аумақты да қамтыды.
Өткен жылы барлық жылыту, кәріз және электрмен жабдықтау жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізуге және оларды ауыстыруға қажетті қаражат бөлінді. Қазіргі сәтте ғимаратты қайта жаңарту жұмысы аяқталып, филиал қызметкерлері жарық кабинеттерге көшуде.